{metadescription}
Мемлекет пәтер жалдау ақысын төлеп береді  
Мемлекет пәтер жалдау ақысын төлеп береді  

Мемлекет пәтер жалдау ақысын төлеп береді  

Жағдайы төмен отбасылардың пәтер жалдау ақысын мемлекет төлеп береді. Оның тәртібі биыл жыл соңына дейін бекітіледі. Қазіргі уақытта егжей-тегжейін тиісті мемлекеттік органдар пысықтап жатыр. Ол жыл соңына дейін бекітілуі тиіс.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, жалпы әлемдік тәжірибеде, әсіресе дамыған елдерде жалпы тұрғын үй қорының 30 пайызы жалға беріледі. Ал біздің елде ол небәрі 1,7 пайыз деңгейінде екен. Статистика бойынша, елімізде 530 мыңға жуық адам тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұр. Олардың пәтер жалдау ақысын субсидиялау туралы тапсырма президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы жолдауында айтылған еді. Соған сай, алғашқы жылда 100 мыңнан астам отбасы осындай көмек алуы тиіс. Дегенменпәтер жалдау ақысы толық емес, 70-80 пайыз деңгейінде төленеді. Ал бұл қолдау нақты кімдерге көрсетілетінін «Отбасы банкі» анықтайды.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Ол үшін отбасылық табыс әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейі, яғни 32 668 теңге болу керек. Мұқтаж адамның мәртебесін растаған жағдайда ұзартылумен жалға алу мерзімі 5 жылға дейін. Жалға берілетін тұрғын үйдің ауданы 40-тан 80 ш. м-ге дейін барады. Бірақ жалға алу құны әр аймақтың өз ерекшеліктеріне байланысты анықталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.