{metadescription}
ШҚО: Шүлбіде мас жүргізуші төрт баланы қағып кетті
Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Жаңа Шүлбі ауылында мас жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол жиегінде ойнап жүрген төрт бірдей баланы қағып кетті.
Автор: Ұлан Нұрахмет
07.09.2020
10 жастағы қыз жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Ал қалған 5, 11 және 12 жастағы үш бала ауруханаға жеткізілген. Біреуінің жағдайы ауыр. Ал Mitsubishi Chelenger автокөлігін тізгіндеген азамат удай мас болған. Құйғытып келіп, ойын балаларын қаққан ол бағанаға соғылып бір-ақ тоқтапты. 31 жастағы жігіт қазір абақтыға қамалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!