{metadescription}
Covid-19: Соңғы тәулікте 2 мыңға жуық адам көз жұмды
Covid-19: Соңғы тәулікте 2 мыңға жуық адам көз жұмды

Covid-19: Соңғы тәулікте 2 мыңға жуық адам көз жұмды

Әлемде соңғы тәулікте қауіпті кеселден 2 мыңға жуық адам көз жұмды. Осылайша алты құрлыққа ауыз салған індет құрбандарының жалпы саны 898 мыңға жетіп қалды. Ал сынамасынан Covid-19 анықталған науқастар саны бір күнде 75 мың болған. Әлемді жайлаған вирус бүгінге дейін 27 жарым миллион адамға жұқты.

Науқас саны бойынша көш басында әлі де АҚШ тұр. Мұндағы халықтың 6 миллион 486 мыңы дертке душар болған. Ал 4 миллион 284 мың тұрғыны Covid-19-ды жұқтырған Үнді елі екінші орында. Көңіл көншітпейтін көрсеткіште Бразилия 4 миллион 148 мыңнан аса науқасымен үшінші орынға түсті. Әлемде індеттің ілмегіне іліккендердің 20 миллионға жуығы дертінен айықты. Дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы арқаны кеңге салуға әлі ерте екенін айтып, ескертулер жасады.

Тедрос Гебрейесус, ДДСҰ бас директоры:

- Бұл пандемияның соңы емес. Вирустың өршіп, әлемді жайлағанына біршама уақыт өтті. Дегенмен Ковид-19 қайта асқынып немесе өзге вирус жайласа, төтеп бере алатындай жағдайда болуымыз керек. Соңғы жылдары бірқатар елдерде дәрі-дәрмек жеткілікті болғанымен, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің сапасы сын көтермей жатты. Сол себепті де коронавирус әлі толықтай жойылған жоқ.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.