{metadescription}
Беларусь: Мария Колесникова тұтқындалды  
Беларусь: Мария Колесникова тұтқындалды  

Беларусь: Мария Колесникова тұтқындалды  

Александр Лукашенко билігінің ұйқысын қашырған оппозиция жетекшілерінің бірі Мария Колесникова тұтқындалды. Беларусь шекара қызметінің мәлімдеуінше, ол Украинаға өтіп кетпек болғанда ұсталған. Алайда Колесникованың тұтқындалуына қатысты түрлі қарама-қайшы ақпарат тарап жатыр. 

Кеше оппозиция белсенділерінің бірі Мария Колесникованы көше бойынан бетперде киген біреулер көлікке күштеп мінгізіп, белгісіз бағытқа алып кектені айтылған. Сол сәтте Лукашенко билігі елдегі қарсылықтың басында тұрған оппозиция өкілдерін кезекті тұтқындауға кірісті деген болжам тарады. Алайда бүгін ресми билік оппозиция серкелері Антон Родненков пен Иван Кравцовтың Украинаға қашып үлгергенін, ал Мария Колесникованың шекарада тұтқындалғанын мәлімдеді. Ал Украина тарапы алдыңғы екі азаматтың өз аймағына өткенін растап отыр.

Кейбір дерек көздері Беларусь биілігі үшеуін де шекарадан күштеп шығарып жіберуге тырысқанын айтады. Бірақ шекараға жеткенде Колесникова төлқұжатын жыртып тастап, елден кетпеуге тас түйін бекінген көрінеді.

Беларусьта президент сайлауынан кейін басталған халық наразылығы әлі жалғасуда. Елдің әр түкпірінде көшеге шыққан халық Лукашенконың биліктен кетуін талап етуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.