{metadescription}
Сотқа дейінгі тергеу электронды жұмысқа көшеді
Сотқа дейінгі тергеу электронды жұмысқа көшеді

Сотқа дейінгі тергеу электронды жұмысқа көшеді

Қазан айынан бастап бүкіл сотқа дейінгі тергеу органдары электронды жұмыс тәртібіне көшеді. Соның арқасында тараптардың іс материалдарымен танысу мүмкіндігі артпақ. Мұндай жаңашылдықты бүгін Бас прокуратура жариялады.

Бас прокуратура қылмыстық істерді 2018 жылдан бастап электронды түрде жүргізе бастаған. Қазір бүкіл қылмыстық істердің 37 пайызы осындай үлгіде қаралып жатыр. Бір жағынан, адвокаттардың іс материалдарына қолжетімділігін арттырса, екіншіден, полиция басшылығы да бақылап отыруға мүмкіндік алды. Соның жалғасы ретінде алдағы айдан бастап бүкіл сотқа дейінгі тергеу орындары да осындай жұмыс тәртібіне көшіп жатыр. Яғни, азаматтардың құқығына қатысты барлық процессуалдық шешімдер электронды форматта онлайн шығарылады. Ол бақылаушы органдарға да, процесс қатысушыларына да қолжетімді болады деген сөз.

Азаматтардың құқығы мен бостандығына қатысты барлық процессуалдық шешімдерге прокурордың келісімін алуды міндеттейтін жаңа заң жобасы жасалып жатыр.

Марат Ахметжанов, Бас прокурордың орынбасары:

Бұл келісімсіз ешқандай істің заңнамалық күші болмайды. Оның үстіне, іске қатысы бар адамның құқықтарының бұзылмауы үшін прокурордың жауапкершілігі арта түседі. Яғни, іс сотқа жолданар кезде емес, ол іске араласа бастағаннан-ақ қадағалайды. Соның арқасында адамды іске араластыру азаяды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде