{metadescription}
Көкжайлау қайтарылып, Бурабай қорғалатын болды
Көкжайлау қайтарылып, Бурабай қорғалатын болды

Көкжайлау қайтарылып, Бурабай қорғалатын болды

Көкжайлау үшін енді шайқас болмайды. Тау шаңғысы курортын салуға берілмекші болған жер Іле Алатауы ұлттық паркіне қайтарылатын болды. Бурабайдың да туризмді дамытуға берілген гектарлары ерекше қорғалатын аумақтар қатарына қайта қосылады. Бүгін Сенат осы процедураны жеңілдету туралы заң жобасын қарады.

Әбдәлі Нұралиев, Сенат депутаты:

- Іс жүзінде, мұндай жағдайлар Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің және Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жерлерінде орын алып, мақсаты бойынша пайдаланылмаған босалқы жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері құрамына қайта ауыстыру мәселесі туындап отыр.

Көкжайлауға құрылыс жүргізуге қарсымыз деген қоғамдағы дау 7 жылдан бері басылмай келді. Даудың соңғы нүктесін мемлекет басшысы қойған. Шаңғы базасының құрылысы алдымен бір жылға кейінге шегерілді, содан кейін шатқалдан алынған жерді ұлттық парк аумағына толығымен қайтару туралы шешім қабылданды.

Сенаторлардың айтуынша, Іле Алатауындағы Көкжайлауда 1002 гектар жер мақсатты пайдаланылмаған. Бурабайдан кезінде туризмді дамыту үшін бөлінген 360 гектар жердің 110-ы қазір қаңырап бос тұр. Енді осы жер телімдерінің барлығы кері мемлекетке қайтарылады. Ал заң жобасына сәйкес оларды ерекше қорғалатын жерлердің қатарына қосу жеңіл әрі жылдам жүргізілмек. Бүгін Жоғары палата қараған құжат екінші оқылымға толықтырылып жіберілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде