{metadescription}
Мемлекет әскерилердің тұрғын үй төлеміне қыруар қаржы қарыз
Мемлекет әскерилердің тұрғын үй төлеміне қыруар қаржы қарыз

Мемлекет әскерилердің тұрғын үй төлеміне қыруар қаржы қарыз

Мемлекет әскерилерге тұрғын үй төлемдері бойынша қыруар қаржы қарыз. Берешек сома күн сайын өсіп жатыр. Жыл соңына дейін оның мөлшері 4 миллиард теңгеге дейін жетеді. Сенатор Қайрат Қожамжаров әскери саладағы қордаланған мәселелерді атап, үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады.

Қайрат Қожамжаров, Сенат депутаты:

Ұлттық ұланның әскери дайындығы мен қызметтік қабілеттілігінің жоғары деңгейде болуы ел тұрақтылығының кепілі. Сол себепті, осы салада соңғы жылдары шешімін таппай жүрген жүйелі мәселелерді қарастыруыңызды сұраймыз. Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің тұрғын үй төлемдері бойынша қарыздың өсуі және үкімет тарапынан төленбеуі. Тиісті шаралар қолданбаса, жыл соңына дейін оның мөлшері 4 миллиард теңгеге жетпек.

Ұлттық ұланның тұрғын үй бойынша несиелік қарызы туралы Сенат депутаттары бұған дейін де бірнеше рет айтты. Оған құлақ асар Үкімет жоқ. Депутаттар Қаржы министрлігі тарапынан шара қабылданбауы әскерилердің мемлекетке деген сенімін жоғалтады деп отыр. Сондай-ақ инфляцияға қарамастан, сарбаздардың күндік тамақтану ақысы өзгермеген. 2017 жылдан бері бір сарбазға 1225 теңге төленеді екен. «Әскери көліктер де ескірген», - дейді Қожамжаров. Бронды танкілер мен автокөліктердің жартысынан көбін есептен шығару керек. Ал арнайы техниканың 60 пайызы сақтау мерзімінен өтіп кеткен. Қару-жарақ, жеке қорғаныс құралдары жетіспейді. Ұлттық ұланның тиісті деңгейде қаржыландырылмай отырғанына қынжылған депутат бұл мәселелердің соңы әскери әлеуетімізді төмендетеді деген сенімде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.