{metadescription}
«Дау-дамайсыз»: Бір телефонға телмірген төрт оқушы...
«Дау-дамайсыз»: Бір телефонға телмірген төрт оқушы...

«Дау-дамайсыз»: Бір телефонға телмірген төрт оқушы...

Онлайн оқудың әлегі. Бір телефонға телмірген төрт оқушы қашықтан оқудың азабын тартуда. Атқамінерлер уәде еткен интернеттің Қаскелең қаласындағы бұл отбасыға әлі игілігі жетпеген. Жаңа маусымды осындай өзекті тақырыптан бастаған «Дау-дамайсыз» бағдарламасының жүргізушілері енді әр жұма сайын КТК Жаңалықтарынан кейін талай түйіткілдің түйінін тарқатуға тырысады.

Редакцияға мұңын шаққан Айнұр Досанова – бес баланың анасы. Оның төртеуі мектеп жасында. Карантин кесірінен қашықтан оқуға міндеттелген соң, тығырыққа тірелген. Себеп: біріншіден, үйге тартылған интернет жоқ, екіншіден, байланысы бар ұялы телефон біреу-ақ. Соның салдарынан балаларының оқуынан береке кеткен. Әкімдік пен білім басқармасындағылар жағдайдан хабардар. Проблема көзге көрініп тұрса да, өз жауаптарын айтып, әңгімені жылы жабуға тырысқандай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.