{metadescription}
Алматыда көпқабатты үй отқа оранды
Алматыда көпқабатты үй отқа оранды

Алматыда көпқабатты үй отқа оранды

Алматыда көпқабатты тұрғын үйдің бірі оқыстан отқа оранды. Онда өрт болып жатқаны туралы хабар ілезде 103 нөміріне түскен. Балконда тұтанған жалын бесінші қабаттағы пәтерді шарпып үлгерген.

Ауыздықсыз алау алтыншы және жетінші қабаттағы балкондарға шарпыған. Жедел жеткен өрт сөндірушілер айналдырған 22 минуттың ішінде отты өшірді. Абырой болғанда қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ. Оттың неден тұтанғаны анықталып жатыр.

Алпамыс Тұраров, Алматы қаласы ТЖД қызметкері:

- Өрт сөндіруге жеке құрамнан 19 адам мен 5 техника жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталуда. Осыған байланысты тұрғындарды балконда және төсекте темекі шекпеуін сұраймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.