Елордада мектептің жанында екі баланы көлік қақты
Елордада мектеп жанында екі бірдей баланы көлік қағып кетті. Оның бірі – бастауыш сынып оқушысы, екіншісі – былтыр ғана дүние есігін ашқан бүлдіршін.
Автор: Ербол Тұрымбет
11.09.2020
- Алла сақтасын! Ой, оны білмей қалдым.
Мына сәтте не жағдай болғанын жүргізушінің өзі түсінбей тұрған сияқты. Байқамай қалғанын айтып ақталуда. Оқиға бүгін таңертең сағат 10 жарым шамасында қаладағы №52 мектеп-гимназияның қасында болды. Бурабай көшесімен келе жатқан джип сәбиі бар әйел мен 7 жастағы оқушы қызды қағып кеткен. Әйел дін аман, екі балақай ауруханаға жеткізілді. Оқушы қыз жабық ми жарақатын алған. Ал бір жасар бүлдіршін дәрігерлік көмектен соң үйіне жіберілді. Жол апатын жасаған 73 жастағы жүргізушіден полиция жауап алып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!