{metadescription}
Оралда жаңа көпқабатты үйді өткізу үш рет кейінге шегерілген
Оралда жаңа көпқабатты үйді өткізу үш рет кейінге шегерілген

Оралда жаңа көпқабатты үйді өткізу үш рет кейінге шегерілген

Қазандықтың кесірінен баспанасына кіре алмай жүр. Оралда су жаңа көпқабатты үйдің кілті бір жарым жылдан бері иелеріне табысталмай келеді. Сөйтсе, көпқабатты нысанның қазандығы әлі қойылмапты. Тұрғындар оны енді анықтап, аң-таң болды. Құрылысшылар ел шулағаннан кейін ғана жылу қондырғысын орнатуға жанталасуда.

Жұрт мемлекеттік бағдарламамен берілуі тиіс су жаңа баспанасына бір жарым жылдан бері кіре алмай жүр. Дәл қазір бөлмелерге әрлеу жұмысы да жүргізілген. Бірақ сонда да қолына баспана кілті берілмеген. 

Гүлдана Әлбетярова, Орал қаласының тұрғыны:

- Бізге жаңа қазандық саланып жатыр. Соның мерзімінде бітпеуінен және абаттандыру жұмыстарының аяқталмауынан үйдің кілтін алу кешігіп тұр.

Пәтер тапсырлатын мерзім үш мәрте кейінге шегерілген. Ең соңғы рет осы жылдың шілде айында үлестіріледі деп уәде етіліпті. Бірақ онда да берілмеді. Ал енді келер жылдың қаңтарында үйдің кілті қолдарыңа тиеді деген. Бірақ жұрт бұған да сенбейді. Себебі, құрылыс жұмыстары өгіз аяңмен жүріп жатыр дейді.

Әзілхан Сейдағалиев, Орал қаласының тұрғыны:

- Әлі нәтиже жоқ. Осы біз келген соң қосалқы мердігердің басшылары келгеннен кейін жиналып жатыр. Өзім алыста тұрмаймын, ылғи келіп қараймын, нәтиже жоқ. Жұмысшылар жоқ деп те айтуға болады.

Тұрғындар дайын үйге кіре алмай жүргеніне қынжылады. Наразы жұрт көрші тұрған көпқабатты үйлердің қазандығын қолдануды талап етеді. Ал шенеуніктер оның қуаты жетпейді деп ақталды.

Арман Өксікбаев, БҚО құрылыс басқармасының басшысы:

- Түсініңіздер, қала әкімі бастаған топ бұған дейін жиналғанбыз. Сол кезде қазандықтың техникалық мүмкіндігі жоқ екені айтылған. Ол қазандық 297 пәтерге жылу беріп тұр. Басқасына күші жетпейді. Сондықтан тұрғындарды әзірге қоныстандырмауды ұйғардық.

Атқамінердің айтуынша, жаңа қазандық орнату кезінде біраз кедергі болған. Бірақ ең негізгі себебі қаржы мәселесі дейді. Оны мердігердің өзі де растады.

Әнуар Марданов, «Алия-сервис» ЖШС техникалық директоры:

Қаржыландыру тек шілде айының соңында басталды. Оған дейін біз өз қаражатымызға жұмыс жүргіздік. Бірінші жылу тарассасы, абаттандыру осының бәріне өз ақшамызды жұмсадық. Ең қымбаты жылу қазандығы. Қазандықтың жабдықтары енді түгел келді. Қазір монтаж жұмыстары жүргізілуде.  

Ашулы топ тек баспаналарын көргенде ғана сабасына түсті. Шенеуніктер су жаңа пәтерлерін аралап көруге рұқсат берді. Ал атқамінерлер үйдің кілтін қазан айының соңында табыстаймыз деп сөз берді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.