{metadescription}
Шетелдіктердің визасы ұзартылды
Шетелдіктердің визасы ұзартылды

Шетелдіктердің визасы ұзартылды

Қазақстанда жүрген шетелдіктердің визасы 11 қарашаға дейін ұзартылды. Үкімет пандемияға байланысты сырт мемлекеттен келгендерге осындай жеңілдік жасап отыр. 

Отанына орала алмай жүрген азаматтардың Қазақстанда қалу рұқсаты  автоматты түрде бір жарым айға ұзарады. Мұндай мүмкіндікті елге визасыз кірген қонақтар да пайдалана алады.

Шетелдіктердің жеке куәлігі, визасы мен уақытша тұру мерзімі 16 наурыз бен 1 қараша аралығында аяқталса да, олар еш жауапкершілікке тартылмайды. Егер шекара асып келгендер елде ұзақ уақыт қалуды жоспарласа, онда қабылдаушы тарап көші-қон қызметі арқылы тиісті құжатын рәсімдеуі тиіс.    

Сабыржан Сейітжанов, ІІМ көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары:

- Жұмыс беруші тарап шетел азаматтарына жұмыс рұқсатын рәсімдеген болса ,1- қарашаға дейін жұмыс визасын алу үшін көші-қон басқармасына жүгіне алады. Мұндай визалық санат ол келген визалық санатқа қарамастан беріледі. ҚР азаматтарының отбасы мүшесі болып табылатын шетелдіктер негіздеме болған жағдайда отбасын біріктіру үшін виза алуға өтініш беруге құқылы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.