Ковид-19: Соңғы тәулікте 6 адам қайтыс болды
Коронавирус соңғы бір тәулікте 6 адамды ажал құштырды. Бес науқас ковид-19-дан көз жұмса, 1 сырқат коронавирустық пневмониядан жан тапсырды. Ал вирус жұқтырғандардың қатары әлі азаймай тұр.
Автор: Мақсат Мәлік
11.09.2020
Соңғы тәулікте 77 адамнан коронавирус анықталса, 353 адамның қос өкпесі қысылып дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Бұл кешелі бері жаңарған статистика.
Пандемия басталғалы бері қатерлі вирус жұқтырғандардың қатары 107 мыңға жуықтады. Кеше Шымкент қаласында бірде-бір науқас тіркелмепті.
Ақтөбе және Маңғыстау облысында бір адамнан тізімге енген. Мамандар мұны аталған аймақтардағы халықтың сақтық шараларын берік сақтауымен түсіндіреді. Ал вирус құрығына іліккендердің жалпы тізімінде Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау облысы тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!