{metadescription}
Денсаулық сақтау министрлігі қателігін мойындады
Денсаулық сақтау министрлігі қателігін мойындады

Денсаулық сақтау министрлігі қателігін мойындады

«Өткеннен сабақ алдық». Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус өршіген жаздағы ахуалда жіберген қателігін мойындады. Медицинадағы шенеуніктердің аурудан қорыққандары соншалық, қауіпті індеттің қайталанбауын жаратқаннан сұрап отыр.

Қазір елімізде коронавирусқа қатысты эпид-ахуал тұрақты. Егер вирус жұқтырғандар саны 7 есе өссе, яғни 30 мыңға жетсе, Қазақстанда қатаң карантинді қайта енгізіп, шекараларды жабуы мүмкін. Ал әзірге сенбі-жексенбідегі шектеулер әлі де жалғаса бермек. Екінші толқынға тас-түйін дайын отырған салалық министрлік елде тұмауға қарсы вакцина науқанын 10-қыркүйектен бастап кетті. Әншейінде қазан айында жүргізілетін вакцина науқанына биыл коронавирус қатты әсер еткен. Бір жағынан мамандар: «Қазақстанда таралған тұмау мен қауіпті індеттің белгілері бір-біріне ұқсас» - дейді. Тегін екпені қауіп тобына жататындар, жүкті әйелдер және медициналық қызметкерлер алады. Ал Covid-19 екпесінің бағасы 5000 теңгедей тұратын тұмауды жоятын препарттан қымбат болмайды. Денсаулық сақтау министрлігінің болжамы осындай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде