{metadescription}
Балконынан қиқулаған құстарға оқ атқан – Көкшетау
Балконынан қиқулаған құстарға оқ атқан – Көкшетау

Балконынан қиқулаған құстарға оқ атқан – Көкшетау

Көкшетауда көпқабатты үйдің балконынан оқ атылды. Пневматикалық мылтықтан оқ жаудырған адамды қарсы беттегі үй тұрғыны терезесінен ұялы телефонына түсіріп алған.

Мылтық ұстаған көршісінің әрекеті ғаламторда жарияланды. Кешікпей полиция да оқиға орнына жеткен. Екінші қабаттың балконына пневматикалық мылтықпен шыққан 40 жастағы азаматтың айтуынша, тал түсте демалмақ болған оның қоқыс контейнері маңындағы құстардың шуы мазасын алған. «Мылтықты сол құстарға кезендім» деген. Бірақ дәл сол жерде балалар алаңы да бар. Ал мылтық сол азаматтың 15 жыл бұрын қайтыс болған әкесінен қалыпты. Яғни қару ұстауға ешқандай рұқсаты жоқ.

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Ол заңсыз қару ұстағанымен қоймай, қала ішінде сол пневматикалық мылтықтан бірнеше рет оқ атқан. Әкімшілік құқық бұзған азаматқа 20 айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, «ИЖ-38» мылтығы 48 дана оғымен бірге тәркіленді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде