{metadescription}
Ақмол ауылында өндіріс кешені өртеніп кетті
Ақмол ауылында өндіріс кешені өртеніп кетті

Ақмол ауылында өндіріс кешені өртеніп кетті

Ақмола облысының Ақмол ауылында құтқарушылар алапат өртпен арпалысты. Өрттің қатты болғаны сонша, ғимараттың шатыры опырылып ортасына түсті.

Қызыл жалын жан-жағын түгел шарпыды. Қайта ғимараттың жеке тұрғаны абырой болды. «ЭкоПакАстана» серіктестігіне тиесілі өндіріс кешені болатын. Мұнда картон қағазы  шығарылады. Өрттің бой бермей өршелене жануына цехтағы қағаз себеп болған. Сол себепті құтқарушыларға сырттан қосымша күш шақыруына тура келді. Нұр-Сұлтаннан өрт сөндірушілермен бірге әскери бөлімше сарбаздары да келіп, тілсіз жауды үш сағатта әрең сөндірді. Оттың неден тұтанғаны әзірге белгісіз. 

Манарбек Шапағатов, Ақмола облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Өрт аумағы 800 шаршы метрге дейін жетті. Ғимараттың шатыры опырылып түскен. Адам шығыны жоқ. Техникалық сараптама сараптама жүргізіліп жатыр. Өрттің неден болғаны содан кейін анықталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде