Асылып қалған анасын көрген ұлы өзіне пышақ салды
Той алдындағы трагедия. Ақтөбе облысында 63 жастағы зейнеткер мен оның үйленейін деп отырған ұлы өзіне қол салды. Шұбарши ауылында болған бұл сұмдық оқиға ауылдастарын шошытты.
Автор: Жаңалық Ахаш
14.09.2020
63 жастағы әйел өз үйінің газ құбырына кешқұрым асылып қалған. Анасының өлі денесін алғаш көрген ұлы бұл қайғыға шыдай алмай, сол бойда ас үйге қарай жүгіреді. Қолына түскен пышақты өзінің жүрек тұсына сұғып алады. 28 жастағы жігіт осы аптада үйленейін деп жатыр екен. Жақында келіншегін алып қашып келген. Енді анасы мен баласын суицидке не итермелегені тексеріліп жатыр. Ауылдастары бұл отбасының жағдайы жақсы екенін, марқұм болған жігіттің мұнай саласында істейтінін айтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!