{metadescription}
Жылыойда жоғалған адамның мәйіті табылып, күдікті ұсталды
Жылыойда жоғалған адамның мәйіті табылып, күдікті ұсталды

Жылыойда жоғалған адамның мәйіті табылып, күдікті ұсталды

Атырау облысының Жылыой ауданында сегіз күн бұрын жоғалған азаматтың денесі табылды. Таңертең жылқы қарауға шыққан шаруа үйге қайтып оралмаған соң, кешке туыстарының өздері іздеуге көшкен.  Оқиға орнынан айғақ боларлық заттарды тауып, оны полицияға да тапсырған. Алайда тәртіп сақшылары іздеу шараларын кешіктіргендіктен, оның соңы үлкен қоғамдық дау туғызды.

Полицияның қолында көптеген айғақ бола тұра, дәрменсіздік танытуы тұрғындардың ашу-ызасын тудырып, марқұмның туыстары аудандық әкімдіктің алдына келіп, айқай шығарды. Арада сегіз тәулік өткен соң, жоғалған азаматтың мәйіті ескі мұнай ұңғымаларының бірінен табылды. Осы оқиғаға қатысты қазір көрші шаруа қожалығының иесі күдікті ретінде қамауға алынды. Өйткені бір қонысты мекен етіп отырғанымен, бұл екі азаматтың арасында көптен бері келіспеушіліктер болған. Өзара ерегестің ақыры осындай қайғылы оқиғамен аяқталды. Қазір аталған дерекпен іс қозғалып, қылмыс себебі анықталып жатыр.

Гүлназира Мұхтарова, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Құлсарыдан 100 шақырым жердегі «Қырықмылтық» кен орнындағы 15-20 метр терең шұңқырдан жоғалған азаматтың мүрдесін тапты. Сараптама тағайындалды. Қылмысқа күдікті Құлсары қаласының 1982 жылғы тұрғыны, бұрын сотталған азамат ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚК 99 – «адам өлтіру» бабы бойынша жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде