Павлодар: Ақыл-есі кем балаларды тағы екі қызметкер азаптаған
Ақыл-есі кем балаларды азаптағандарды жазалау әлі жалғасып жатыр. Павлодарда жүйке жүйесінде ауытқуы барларды емдейтін орталықтың тағы екі қызметкері жауапқа тартылды. Бірақ екі маманның жеткіншектерді қинап, төсекке байлап ұйықтатқаны расталса да, тек бас бостандығын шектеу жазасымен құтылды. Өйткені екі тарап арасында келісім болған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
14.09.2020
Гүлсім Ахтаева, Павлодар қалалық №2 сотының баспасөз хатшысы:
- Қала прокуроры мен күдіктілер арасында кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасалды. Сот үкімімен Павлодар қаласының психоневрологиялық орталық қызметкерлері кәмелетке толмағандарды азаптап, үш жыл алты айға бас бостандығынан шектеу жазсына тартылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Орталық қызметкерлеріне қатысты сот процесі жабық жағдайда өтті. Екеуі де кінәсін мойындаған. Жалпы, адам қорлау дерегімен 16 қылмыстық іс қозғалған болатын. Бұған дейін бес санитар үш жарым жылға шартты мерзімге сотталған. Тағы 9 қызметкердің ісі сот қарауында жатыр. Ақыл-ойында ауытқуы бар жеткіншектерді азаптауға қатысты жантүршігерлік дерек осы жылдың мамыр айында анықталған. Оны прокурорлар бақылау камерасын тексеру арқылы әшкерлеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!