{metadescription}
Бурабайда шенеуніктер мен кәсіпкерлер карантин ережесін пысқырмаған
Бурабайда шенеуніктер мен кәсіпкерлер карантин ережесін пысқырмаған

Бурабайда шенеуніктер мен кәсіпкерлер карантин ережесін пысқырмаған

Бурабайда шенеуніктер мен кәсіпкерлер жаңа мектептің ашылуына қатысып, карантин ережелеріне пысқырмаған. Енді Денсаулық сақтау министрлігі түгел тексеріс жүргізіп, шараға ұйытқы болғандарды жазаламақшы.

Айжан Есмағамбетова, ҚР Бас санитар дәрігері:

- Бұл фактіге қатысты бізге де белгілі және тиісті шаралар қабылданады. Заңды және жеке тұлғаларды әкімшілік жауапқа тартудың өз тәртібі бар. Бізде заңды және жеке тұлғалар арасында еш айырмашылық жоқ. Бұл міндетті түрде қарастырылады.

Жеке инвестордың қаражатына салынған мектептің ашылуындағы суреттер қазнетті бір дүрліктіріп тастады. Кадрларда қауіпсіздік шараларының еленбегені ап-анық көрініп тұр. Қатысушылар қашықтықты сақтамай, медициналық бетперде тақпай, естелік суретке түскен. Тек бетперде шешпеген жалғыз адам – Білім министрі Асхат Аймағамбетов. Енді шараны ұйымдастырған ірі бизнес өкіліне заңға сәйкес 4 жарым миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін. Ал Білім министрлігі оқу ордасының ашылуы рәсіміне қатысқандар коронавирустың бар-жоғына тексерілді деп сендіруде.

Елдегі бүкіл оқушының 77 пайызы онлайн білім алып жатыр. Алайда Бурабайдағы ашылған мектептің балалары қашықтан емес, интернатта оқиды.

Гаухар Омарбек, ҚР Білім және ғылым министрінің баспасөз хатшысы:

- Бұл мектепте оқушылар сол жерде тұрып, сол жерде білім алуына барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ мектепте жұмыс істейтін, білім беретін ұстаздар да сол жерде тұрып, сол жерде жұмыс жасайтын болады. Мектеп әкімшілігінің бізге берген жауабы бойынша оқушылар екі мәрте ПТР тест тапсырған, Covid-19-ға қарсы. Екі апта сол жерде оқшауланып, медперсоналдың бақылауында болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде