{metadescription}
0:000:00
Ауыр қылмыс жасағандар абақтыда үйленді – Өскемен

Ауыр қылмыс жасағандар абақтыда үйленді – Өскемен

Өскемендегі ОВ 156/2 қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде – той! Ауыр қылмыс жасап жазасын өтеп жатқан азаматтар абақты ішінде сүйіктісімен неке қидырды.

- Некелеріңіз тіркелді! Сіздерді ерлі-зайыпты деп жариялаймын!

Неке қию рәсіміне сотталушылардың туған-туыстары мен екі жақтың ата-анасықатысты. Бұл жолы сүйіктілерімен заңды түрде үйленуге темір тордың ар жағындағы үш азамат мүмкіндік алды.  Жазасын өтеушілердің кейбіреуі сүйіктісіне мектеп қабырғасынан ғашық болған. Солардың бірі – Руслан мен Юлия. Ол екі жыл бұрын қарақшылық үшін айыпталып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Әйтсе де екеуінің арасындағы ғашық сезім сөнбеген. Қалындық ақ көйлегін киіп, неке жүзігін тақпаса да, қосылғанына дән риза. Салтанатты шарадан кейін мекеме басшылығы жас жұбайларға жеке кездесуге жағдай жасады.

Бақытжан Ниязбеков, ШҚО бойынша ҚАЖД  ОВ 156/2 мекемесі бастығының орынбасары:

- Сотталғандардың арасынан біреуіне ұзақ мерзімді кездесу бөлмесінен мүмкіндік береміз. Кездесу екі күнге жалғасады. Ары қарай сотталғандарды тәрбиелеу мақсатында осындай шаралар жалғасын таба бермек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде