Праймеризге қатысушылардың пікір-сайысы басталды
Праймеризге қатысушылардың ашық пікір-сайыстары басталды. Нұр-Сұлтан қаласындағы төрт аудан бойынша әр алуан тақырыптағы дебаттар жекелеген алаңдарда ұйымдастырылады. Барлық пікірсайыс аптаның алты күнінде, осы айдың 29-на дейін өтетін болады.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
15.09.2020
Праймериз аясында басталып кеткен дебат ел астанасында үміткерлерді 42 топқа бөле отырып ұйымдастырылған. Үміткерлердің арасында талқыға түсіп, ой мен сөз жарыстыратын тақырыптар әр алуан. Экономика, қоршаған ортаны қорғау мәселесі, жастар саясаты 0 мемлекеттік дамуға әсер етіп отырған барлық сала қамтылған.
Барлық пікірсайыс аптаның алты күнінде, осы айдың 29-на дейін өтеді. Қоғам белсендісі Тоқтар Болысов та праймеризге қатысып отыр. Түрлі салада қызмет етіп үлгерген ол «Мәжіліске әбден лайықпын» дейді. Үміткер биліктің көп жағдайда жастардың пікіріне құлақ түрмейтінін айтады. Оны шешудің амалын да ұсынады.
Тоқтар Болысов, үміткер:
- Көптеген жастар өз ойын білдіріп жатыр. Әлеуметтік желілерде де, митингтерге шығып та. Егер барлық аудандарда, барлық ауылдарда осындай бір алаң жасасақ, билік пен жастар арасында диалог құру үшін. Ол біздің еліміздің тез дамуына көмектесуші еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары