{metadescription}
0:000:00
Қаржы пирамидаларына алданғандардың шығынын білесіз бе?

Қаржы пирамидаларына алданғандардың шығынын білесіз бе?

Қаржы пирамидаларына алданғандардың шығыны 22 миллиард теңге! «Выгодный займ», «Гарант 24 Ломбард» және «ESTATE Ломбард» шағын несие ұйымдарының «ертегісіне» сенген жұрт осынша қаржыны ұстатқан. 

Халықты сан соқтырған күдіктілерден тәркіленген мүлік 2 миллиард шамасында . Олардың қатарында 15 автокөлік, екі жүк самосвалы, екі автокран және 29 пәтер, алты үй, үш жер учаскесі мен бес көлік тұрағы бар.

Қазір ұйым басшыларына қатысты 32 қылмыстық іс қозғалып, 51 адам қылмыстық жауапқа тартылған. 7 күдікті әлі іздестіріліп жатыр.

Атышулы үш бірдей қаржы компаниясына қатысты 17 мың шағым түсіпті. Жыл басынан бері қаржылық пирамидаға қатысты 217 іс ашылған. Оның 116-сы сотқа жіберілді. Мәселен, бір ғана «Qnet» желілік компаниясының өзінен 220 отандасымыз зардап шегіпті. Олардың шығын көлемі 160 миллион теңгеден асады.

Санжар Әділов, Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы:

Qnet компаниясының бас кеңсесі Малайзияда орналасқан. Адамдар түрлі зергерлік бұйымдарды сату арқылы желілік маркетингке тартылады. Бастапқы жарна 30 доллар. Қазір азаматтардан 211 арыз-шағым түсті. Бүкіл ел бойынша 29 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Малайзияға сұрау салынған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде