{metadescription}
Блок-бекетте екі полицейді өлтірген күдікті: Есімде ештеңе жоқ
Блок-бекетте екі полицейді өлтірген күдікті: Есімде ештеңе жоқ

Блок-бекетте екі полицейді өлтірген күдікті: Есімде ештеңе жоқ

Есінде ештеңе жоқ. Алматыда блок-бекетті жарып өтіп, екі полицейді ажал құштырған жүргізуші сот алдында жауап бере бастады. Алайда «БМВ» көлігін тізгіндеген Азат Азаматов апатқа қалай түскенін мүлде білмейтінін айтып ақталды.

Аазат азаматов, күдікті:

- Сағат 11-12 шамасында шыққанмын.Үстімде қара футболка, қара шорты, қара кроссовки болды. Қалай машина айдап, апат жасағаным есімде жоқ.

Азат Азаматов сотта кінәсін толық мойындады. Ол 2014 жылдан бері Алматыда патрульдік полиция қызметінде істеген. Алайда апат болардан төрт күн бұрын өз еркімен жұмыстан шыққан. Өйткені карантин кезінде 38 күн бойы демалыссыз жұмыс істеп, «әбден қажыдым» дейді. Шаршағанын басу үшін бұрын бірге жұмыс істеген әріптестерімен 24-мамыр күні Көксай ауылында сыра ішкен. Екі-үш шөлмек сіміргеннен кейін көлігіне кіріп ұйықтап қалыпты- мыс. Содан жантүршігерлік апат жасап, екі адамды өлтіргенін ауруханада бір-ақ білген. Қызмет бабында жүріп қаза тапқан Жарас Жанғазиев пен Дастан Абдықановты «өте жақсы танимын» дейді. Алайда қаза тапқан полицейлердің туыстары күдіктіні кешірмейді.

Жол апаты биыл 25-мамырда болды. «БМВ» көлігімен жүйіткіген Азат Азаматов блок-бекетті жарып өтіп, патрульдік көлікке соғылған. Ауыр соққыдан қызметтік көлікте отырған қос полицей қаза тауып, тағы біреуі ауруханаға түсті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.