Алматыда қоғамдық көліктерге тегін Wi-Fi орнатылды
Ауылға жетпеген ғаламтор автобустарға қойылды. Алматыда қоғамдық көліктерге тегін Wi-Fi орнатылуда. Енді жолаушылар жол бойы ақысыз интернетті қолдана алады.
Автор: Салтанат Шырынхан
18.09.2020
Бүгін жаңа жүйемен жабдықталған қоғамдық көліктердің пилоттық режимде ашылуы болды. Енді жолаушылар 400-ге жуық автобуста ақысыз ғаламторға кіріп, уақытын тиімді өткізе алады. Тегін вай-файға қосылу да тез. Бұған қоса жоба жетекшілері жылдамдық жағынан да еш проблема болмайды дейді. Қазір жаңа жобамен тек қоғамдық көліктер қамтылса, алдағы уақытта орталық саябақтар мен жерасты метро станциясына жүргізу жоспарланып отыр.
Жәнібек Қонанбаев, Алматы қалалық мобильділік басқармасының маманы:
- Қалада пилоттық режимде 174 троллейбустерді және 289 автобустарда вай-фай жүйесі орнатылған. Көптеген жолаушылардың сұранысымен болашақта вай-фай жүйесі орнатылған қоғамдық көлік санын көбейту жоспарда бар. Бұл жоба жеке инвестордың қаражатына жүзеге асырылып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!