{metadescription}
0:000:00
Жамбыл облысында кәсіпкерлер түрмедегі жүйесіз жұмыстан шығынға батқан

Жамбыл облысында кәсіпкерлер түрмедегі жүйесіз жұмыстан шығынға батқан

Жамбыл облысында кәсіпкерлер түрмедегі жүйесіз жұмыстан қыруар шығынға баттық деп наразылық білдірді. Олардың айтуынша, ЖД-158\7 түзеу мекемесінің қызметкерлері құрылыс заттарын колонияға кіргізбей, не дайын өнімді сыртқа шығармай әурелеп жатқан көрінеді. Соның кесірінен кәсібіміз тұралап қалды деп дабыл қағуда.

Жәнібек Дауылбаев, кәсіпкер:

- Бір-екі «КамАЗ» кіреді. Тамақ пісіретін, ауқат алып келетін кездері де болады. Біз солармен сәйкес. Олар келгенде біз оларды бірінші жібереміз. Кеше екі көлік екі күн кіре алмай тұрып қалдық.

Кәсіпкерлердің колония ішінде торсық, ағаш астау, ожау секілді ыдыс әзірлейтін цехтары бар. Өздері жалпы саны 17 кәсіпкер. Алты ай бойы карантинде тірлігі тұралап, іске қайта кірісе бергенде, бұл жолы Ұлттық ұлан сарбаздары мен күзетшілер кедергі жасады дейді. Түрме бастығының рұқсаты болса да, олар құрылыс заттарын ішке кіргізбей, не дайын өнімді сыртқа шығармай жатқан көрінеді. Мұндағы мамандар жүк тиелген көліктерді тексеруді бірнеше күнге созып жіберетін болған. Наразы кәсіпкерлер: «Мұның бәрі колониядағы жүйесіз жұмыстың салдары», - дейді. Ал облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығы «тәртіп солай» деп міз бақпай отыр.

Еркін Нұрбаев, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары:

- Көрсетілген мөлшерден асыра алып келу, құжаттамада көрсетілген. Одан кейін 63 бұйрыққа сәйкес, кіргізіп-шығару кезінде барлық зат көзге анық көріну керек. Тыйым салынған заттар кіргізілмеу керек. Сол себепті тексеру ұзақ уақыт алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде