{metadescription}
0:000:00
Анасы мен баласы тұрақтағы 9 көлікті сатып жіберген

Анасы мен баласы тұрақтағы 9 көлікті сатып жіберген

Түркістан облысында шетел азаматтарының сеніп тапсырған көліктерін сатып жүрген анасы мен баласы ұсталды. Өзбекстанмен шекаралас Қапланбек бекетіндегі автотұраққа қойылған 9 көлікті екеуі дем арасында сатып жіберіпті. Қолды болған көліктің барлығы да Тәжікстан азаматтарына тиесілі екен.

Мамыр айында шекарадағы автотұраққа көлігін қойып кеткен тәжіктер бірнеше айдан келіп, орнын сипап қалған. Бірден полицияға арыз жазылады. Ал тұраққа бас-көз болуы тиіс анасы мен баласы тергеушілерге қылмысын бірден  жайып салған. Ұлы бұрын да сотты болған екен. Бөтеннің мүлкін сатуға анасын көндіріп, ақыры көліктің барлығын Шымкент қаласына сатқан. Алты машинаны 5 миллионға сатып, тағы үшеуін бөлшектеп саудаға салып, 2 жарым миллион олжа тауыпты. Ал ақшаның барлығын жаратып үлгерген.

Нығмет Керім, Сарыағаш аудандық ПБ анықтаушысы:

Жедел іздестіру шарасы нәтижесінде ҚР екі азаматы құрықталып, Шымкент қаласына орналасқан тұрғындардан 9 автокөлік тәркіленіп алынды. Күдікті ретінде ұсталған 2 азамат қамауға алынып, қазір сотқа-дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде