{metadescription}
Эпид-ахуал: Коронавирус жұқтырған 18 адам ауыр халде жатыр
Эпид-ахуал: Коронавирус жұқтырған 18 адам ауыр халде жатыр

Эпид-ахуал: Коронавирус жұқтырған 18 адам ауыр халде жатыр

Коронавирус жұқтырған 18 адам ауыр халде жатыр. Ал дендеген дерт бір тәулікте тағы бес адамның өмірін жалмады. Оның 1-еуі коронавирус пневмониясынан көз жұмған. Осылайша елімізде індет құрбанына айналғандардың жалпы саны 2 мыңнан асты.

Сонғы тәулікте 107 адам қауіпті дерттің ілмегіне іліккен. Оның 62-сі коронавирус пневмониясын жұқтырыпты. Бір күннің ішінде ауруы анықталғандар бойынша Шығыс Қазақстан облысы көш басында. Мұнда вирус 18 адамға жұққан.

Ауру айылын жимай тұрған Алматы және Нұр-Сұлтанда да көрсеткіш көңіл көншітпейді. Қос шаһарда қауіпті кеселдің құрығына түскендер 15 мыңға жуықтады. COVID-19-ға шалдыққандардың жалпы саны -107 300-ден асты. Бір қуанарлығы, 102 мыңға жуық отандасымыз дертінен сауықты.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.