{metadescription}
Елімізде өлім-жітім саны екі есеге артқан, себебі...
Елімізде өлім-жітім саны екі есеге артқан, себебі...

Елімізде өлім-жітім саны екі есеге артқан, себебі...

Елімізде өлім-жітім саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артқан. Статистика комитетінің мәліметінше, көз жұмғандардың күрт көбеюі әсіресе шілде айында тіркелген. Бұл айда түрлі себеппен 28 мыңнан аса адам бақилық болған. Ажал құшқандардың өсуін мамандар қауіпті кеселдің дендеуімен тікелей байланыстырып отыр. Сондықтан олар коронавирус пен пневмония құрбандары ресми көрсеткіштен де тым көп болуы мүмкін деп отыр. Бұған қатысты жауапты министрлік не дейді?

Статистика комитетінің мәліметінше, елімізде қаңтар мен шілде айының аралығында түрлі себеппен 94 мыңға жуық адам көз жұмған. Өлім көрсеткішінің күрт өсуі әсіресе шілде айында тіркеліпті. Бұл айда 24 мыңнан аса жан бақилық болған. Мұны мамандар коронавируспен байланыстырады. «Індет құрбандарына тәуелсіз талдау жасалмады. «Аурудан ажал құшқандар ресми статистикадан да көп болуы мүмкін», - дейді профессор Қайрат Дәулетов.

Қайрат Дәулетов, ҚазҰУ Денсаулық ғылыми-зерттеу институтының директоры:

Сапалы талдау жасау үшін мәліметтерді толық жазу керек еді. Мәселен, жынысы мен жасы, аймақ бойынша, ауруы бойынша бөліп қарастыру қажет. Сол уақытта біз коронавирус құрбандарының нақты санын білетін едік. Өлім-жітімнің екі есе артқанын қауіпті кеселдің кесірі деп ойлаймын. Сондықтан індеттен көз жұмғандар әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Расымен де жұқпалы дерт шілде айында шарықтау шегіне жетіп, талай жанның өмірін жалмады. Сол уақытта қабіршілердің жұмысы да қыз-қыз қайнап, қорымдар марқұмдарға лық толғаны есте. Ал Денсаулық сақтау министрлігі өлім туралы анықтаманы карантиннен кейін кеш алғандар көрсеткішке тікелей әсер етті деп отыр. 

Бағдат Қожахметов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

Мамыр, маусым айларында кісі өлімі бұрыңғыдай тіркелді. Елімізде жыл сайын орташа есеппен 11-12 мың адам қайтыс болады. Ескеретін жайт, карантинде мамандандырылған қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеген жоқ. Сондықтан өлім туралы анықтаманы алу үшін жұрт мемлекеттік мекемелерге шілде айында ағылды. Көбісі туыстарын сол айда көз жұмды деп тіркеген

Денсаулық сақтау министрлігі пандемия кезінде індет құрбандарын тізімге дер кезінде енгізіп, «ақиқатын айттық» деп сендірді. Алайда дерт дендеген шақта СOVID-19 инфекциясынан бөлек, коронавирус пневмониясынан қайтыс болғандар өте көп болды. Бірақ жауапты ведомство тамыз айына дейін екі өкпесі қабынып көз жүмғандарды жалпы статистикаға сол күйі енгізген жоқ. «Сондықтан вирус құрбандарының саны әлдеқайда көп» деген мамандардың болжамы орынды болуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.