{metadescription}
Анарбек Қарашев пен Ерік Өтембаев сотталды
Анарбек Қарашев пен Ерік Өтембаев сотталды

Анарбек Қарашев пен Ерік Өтембаев сотталды

Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев пен Өзбекстандағы Қазақстан экс-елшісі Ерік Өтембаевқа сот екі жыл тергеуден кейін үкім кесті. Қазына қаржысына қол салды деп айыпталған бұл екеуі екі жылға сотталып, енді өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайтын болды.  

Айжан Көлбаева, Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотының судьясы:

Барлық сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте, сондай-ақ мемлекеттің үлесі бар орындарда жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сот Өтембаев пен Қарашевқа екі жыл бас бостандығын шектеу жазасын, пара алуға көмектескен Нурекеновке – бес жыл, Сакенова, Жумасановаға екі жыл бостандығынан айыру жазасы, ал ақша берген Кутдусовқа айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Аталмыш қылмыстық істі Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро екі жыл бойы тергеп-тексерді. Тек үш ай бұрын Байқоңыр аудандық сотына түскен, ал үкім бүгін жарияланды.

2018 жылы Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев Өзбекстандағы елшілік ғимаратының құрылысы және қосымша құн салығына бөлінген 138 миллион теңгені жымқырғаны үшін айыпталды. Сондай-ақ ол кәсіпкерлерден пара алған, ақшалай қаражатты заңдастырған деп жауапқа тартылды. Алайда прокурор сот талқылауы барысында Қарашевқа тағылған айыпты «лауазымын теріс пайдаланды» деген жазамен ауыстырған. Өйткені қосымша құн салығына қаралған 84 миллион теңге дәлелін таппаған. Ал екі жыл бұрын Өзбекстандағы елшілік қызметін атқарған Ерік Өтембаев Қарашевқа көмектескені үшін жазаланды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде