{metadescription}
Құс еті мен жұмыртқа қымбаттамайды
Құс еті мен жұмыртқа қымбаттамайды

Құс еті мен жұмыртқа қымбаттамайды

Құс еті мен жұмыртқа бағасы қымбаттамайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі солтүстік өңірде тараған құс тұмауының салдары қымбатшылыққа әкелмейді деп сендіріп отыр. Ал еліміздің құс өсірушілер одағы құстарға арналған вакцинаның жетімсіздігін айтып отыр Себебі, мемлекет халыққа арнап вакцина бөлгенімен, құс фабрикалары өз-өзін вакцинамен толық қамтамасыз етуге шамасы жетпейді екен.

Әуелде үй құстары арасында таралған тұмау қазір құс фабрикаларын да шығынға батырып жатқанын айта кетейік.

Солтүстікте тараған құс тұмауы аз уақыттың ішінде бес облыс аумағына тарап үлгерді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, қазірдің өзінде Солтүстік Қазақстан облысында 41 мың бас құс арам өлген. Қалған облыстарда тағы 13 мың бас өлді. Ал министрлік тарапы миллиондап вакцина бөлгенін айтып, жағдайдың бақылауда тұрғанына сендіреді.

Гүлмира Исаева, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Республикалық қордан бүкіл өңірлерге 1,4 миллион дана вакцина бөлінді. Бұл 4,7 миллион бас құсты вакцинацинациялауға жетеді. Ертең тағы миллион дана жеткізіледі.

Алайда жағдай министрлік өкілдері айтқандай мәз болмаса керек. Қазақстан құс өндірушілер одағы президенті Руслан Шәріповтың айтуынша, мемлекет тек халыққа арнап вакцина бөледі. Ал құс фабрикалары өз жыртығын өзі жамауы керек. Мемлекеттік субсидияға жарымай отырғанда олар құстарына вакцина салуға шамасы жетпейді дейді ол.

Руслан Шәріпов, Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті:

- Алғаны біздің «Отардың» инактивті дейді, сол тек Солтүстік Қазақстан облысына. Павлодарға аздап беріпті. Халыққа арнап. Ал фабрикалар өздері сатып алу керек. Қазір мың доза вакцина таба алмайсыз. Ресейдің өзінде жетіспейді. Негізінен сол жақтан шығады. Бізде алатын жер жоқ. Бәрі іздеп жүгіріп жүр.

Тек жұрт көңіліне қаяу түсірген нарық бағасы әзір көтерілмейді деп сендіріп отыр министрлік. Себебі, елімізде тек қана жұмыртқа бағытына арналған 35 құс фабрикасы бар. Олар ішкі сұранысты толық қамтамасыз етеді екен. Құс етінен де таршылық болмайды дейді олар.

Еркебұлан Ахметов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің директоры:

- Жалпы, құс фабрикаларында тіркелген жағдай ішкі нарық бағасына тікелей әсер етпейді. Себебі, Солтүстік Қазақстан облысы өз қажеттілігін осы құс фабрикаларының есебінен қамтамасыз етіп отыр және басқа да аймақтарға сата алады.

Жыл сайын елімізде 5 жарым миллиард жұмыртқа мен 223 мың тонна құс еті өндіріледі. Қазір Солтүстік Қазақстан облысындағы құс тұмауы шыққан елдімекендерде санитарлар дезинфекциялауға қарқынды кіріскен. Ал өлген құс басы әлі де өсері сөзсіз, себебі өлекселер актісін жасайтын комиссия әлі жұмыс істеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.