{metadescription}
Шымкент: Көлік алаяқтарына алданғандар полициядан күдерін үзді
Шымкент: Көлік алаяқтарына алданғандар полициядан күдерін үзді

Шымкент: Көлік алаяқтарына алданғандар полициядан күдерін үзді

Шымкентте көлік жөндеу орталығына алданғандар жергілікті тәртіп сақшыларынан күдерін үзіп, қалалық Полиция департаментіне келді. «Алаяқтың кесірінен көліктен де, ақшадан айрылдық» деген тұрғындардың алды екі айдан бері арызын тіркемей алмай жүр екен.

Ерлан Райымберді; жәбірленуші:

- Жаза бастағанымызға бір жеті болды. Бізден 1-2 ай бұрын арыз жазған азаматтар да бар екен. Біз оны білген жоқпыз. Көбейіп бара жатқан соң бізді шақыра бастады. Күдіктеріміз, оны не үшін қамауға алған. Ол ертесінде бостандықта жүр. Соған миымыз жетпейді.

Үш-төрт күн бұрын ғана саны 20 шақты жәбірнушілер күн санап көбейіп, бүгін 30-ға жеттті. Жарнама сайтында Муротжан Закиров деген қызметін өзге шеберлерге қарағанда арзанырақ ұсынған соң, жөндеу орталығына көліктерін апарып берген олар айтқан ақшаны да қолма-қол бере беріпті. Кемі 200 мың теңге берсе, біреулері тіпті 3 миллион теңгеге алданған. Бірақ шебер жөндеудің орнына көліктің саймандарын сатқан, тіпті кейбірін кепілге қойып ақша алған дейді арызданушылар. Алданғандар жергілікті тәртіп сақшыларынан күдер үзген. Ашуға мінген топ бүгін полиция департаментіне келгенімен, онсыз да арызданып шаршағандарға мұндағы басшылар тағы да арыз жаздырып, кезекті рет тексеруге уәде берді.

Дәулет Әбдраманов, Шымкент қалалық ПД тергеу басқармасының бастығы:

Мына кісілердің уәж айтқан сөздерін жазбаша жазыңдар. Қызметтік тексеру жүргіземіз. Әрбір қызметкер өз қызметіне немқұрайлы қарап, жұмыс атқармағаны үшін жауапкершілікке тартатын жағдай жасаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде