{metadescription}
Өңірлердегі тапшылықтан сіріңке қымбаттады
Өңірлердегі тапшылықтан сіріңке қымбаттады

Өңірлердегі тапшылықтан сіріңке қымбаттады

Ақтөбеде сіріңке тапшы. Қазір Ақтөбе дүкендерінен ең арзан тауар саналатын күкірт талын табу қиын. Сатушылардың өзі оның қалай қат дүниеге айналғанын түсіне алмай дал.  

Оңай Сәрсенғалиева, сатушы:

- Сіріңке жоқ. Халықтың сұранысы көп. Неге сіріңке жоқ, сол бізге түсініксіз. Бағасы қымбат, 65 теңгеден.

Бұрын дүкеншілер қорабы 10 теңге тұратын сіріңкені қайтарма ақшаның орнына беретін. Қазір сұрасаң да таба алмайсың. Ақтөбенің кейбір сауда орындары қорындағы сіріңкенің құнын қымбаттатып үлгеріпті. Мұнда көтерме бағамен алғанның өзінде он данасы 65-70 теңге тұрады.  

Тек Ақтөбеде ғана емес Қарағандыда да осындай жағдай. Ол жақта сіріңкенің бағасы отыз пайызға қымбаттады. Саудагерлердің айтуынша, бағаны бұлар емес, сіріңке өндіретін Череповецтегі зауыт көтерген. Ал елімізде сіріңке шығаратын өндіріс орны жоқ. Сондықтан  Қазақстанға сырттан тауар жеткенше, жол пұлының құны қосылып, осындай бағаны құрап отыр. 

Тоқан Нұрбаев, саудагер:

- Елімізде сіріңке шығаратын өндіріс орны жоқ. Барлығын Ресейден алып келеміз. Ол жақ бағасын көтерген соң, бізде де қымбаттап кетті. Клиенттер шағымданып жатыр. Бірақ біз не істей аламыз?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде