{metadescription}
Хиджап киген қыздардың төбелесі шуға ұласты
Хиджап киген қыздардың төбелесі шуға ұласты

Хиджап киген қыздардың төбелесі шуға ұласты

Ақтөбе облысында хиджап киген оқушы қыздардың төбелесі үлкен шуға ұласты. Көше бойында шаштан сүйреп, тепкілеп жатқандарын әлімжеттік көрсеткен қыздардың өзі ұялы телефонға түсірген. Кейін әлеуметтік желіге жарысып жариялайды. Енді аталмыш іспен полиция айналысып жатыр.  

Төбелесіп жүрген Темір ауданындағы қатар орналасқан үш ауыл – Кеңқияқ, Шұбарши, Сарыкөлдің қыздары. Ең кішісі әрі таяқ жегені 8-сыныпта оқиды. Қалғаны 9-10 сынып оқушылары. Олар ортақ чатта сөзге келіп қалады. Wathsapр-тағы айқайдың арты төбелеспен аяқталған.

Нұргүл Бертілеуова, Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Бір-бірімен чатта сөзге келіп қалады да, артынан кездесіп, бір-бірінің ауыр сөзін көтере алмай, сол жерде төбелеседі. Ол төбелесті видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктеп, оны үлкен балалар әлеуметтік желі арқылы таратып жіберген.

Төбелескен қыздардың ешбірі жарақат алмапты. Бәрі дін аман. Орамал таққан оқушылар енді сорақы қылықтары үшін ұялып, кешірім сұрап отыр.

- Шашынан сүйрегенім үшін... Айтып тұрмын ғой. Бәрінен кешірім сұраймын. Бәрі менің кінәм. Бәріне мен жауаптымын.

Қеңқияқта болған қыздар арасындағы қырқыс әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Көбі орамал таққан оқушылардан «мұндай қылық күтпедік» деуде. Дегенмен мектеп жасында болса да, жазасыз қалмайды. Бұзақылық бабымен іс қозғалып, тергеу басталды. Ал ата-аналары қыздары үшін айыппұл төлейді. Төбелеске қатысы бар 10 қыз оқитын үш ауылдың мектеп директорларына да шара қолданылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде