{metadescription}
0:000:00
1 млрд 100 млн желге ұшты! Ұйғыр ауданында спорт кешені қирады

1 млрд 100 млн желге ұшты! Ұйғыр ауданында спорт кешені қирады

Желге ұшқан миллиард! Алматы облысының Ұйғыр ауданында осынша қаржыға салынып жатқан спорт кешенінің төбесі ортасына түсті. Мемлекет қаржысына тұрғызылған кешен қаңтар айына дейін пайдалануға берілуі керек болған.

Зардап шеккен адам жоқ. Әкімдік оқыс оқиға себебін өздерінше түсіндіруге тырысты. Сапасыз құрылысқа кім жауапты? Сыры кеткен нысан енді өз уақытында қалпына келтіріле ме?

Ортасына оңбай опырылып түскен спорт кешеніне қарап, құдды дүлей дауыл қолтаңбасын қалдырған ба дерсің. Алайда күні кеше түс әлетінде айдын-күннің аманында нысан кенеттен қирады. Аумақ демде оқшауланды. Оның неден морт сынғаны жұмбақ секілді.

Облыстық әкімдіктің шенді өкілдері оқиға орнында жүр. 180 бала жаттығады деп жоспарланған спорт кешен алдағы қаңтар айына дейін қолданысқа берілуі тиіс еді. Облыстың бас құрылысшысы апаттың себебін өзінше сан-саққа жүгіртті.

Еркебұлан Османбаев, Алматы облысы әкімдігі құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

- Құрылыс кезінде адам факторы болады, біреуі болтын дұрыстап тықпаған деген сияқы. Сондай бір жағдай болуы мүмкін. Түгел құлап қалған жоқ. Кішкене жер құлады. Қазір төбесін қалпына келтіріп, жылдың аяғына дейін жоспарға сәйкес пайдалануға береміз деп жоспарлап отырмыз.

Көз алдында салынып жатқан кешеннен жергілікті әкімдік қашанғыдай хабарсыз. «Құрылысқа жауапты – басқалар» деп, аудан әкімі сырғытпа жауаппен құтылғысы келді.

Шухрат Нурахуов, Ұйғыр ауданының әкімі:

- Қазір шешімді көреміз, кім кінәлі мына жерде. Сол комиссия шешіміне қарап,  есебі дұрыс емес пе, әлде құрылысшылардың кінәсі ме, оны да анықтау керек. Әрі қарай заң аясында шешім қабылдаймыз.

Абырой болғанда жапа шеккен ешкім жоқ. Апат түскі үзіліс кезінде болса керек. Жалпы жобаға мемлекеттік қазынадан бақандай 1 млрд. 100 миллион жұмсалған. Дегенмен төбесі ортасына түскен кешенді атқамінерлер уәделі жыл аяғына дейін қолданысқа береміз деп сендіреді. Тек бағасына сапасы сай боларына қазірден күмән бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.