Оралдықтар коммуналдық тарифтің өсірілуіне қарсы шықты
Оралда белсенділер жалғыз адамдық пикет ұйымдастырып, коммуналдық тарифтің өсуіне қарсылық білдірді. Олар монополистер бағаны өсіру арқылы өз шығынын жұрттың мойнына артуды доғарсын дейді.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
23.09.2020
Қадиша Мұқанова, Орал қаласының тұрғыны:
- Індет салдарынан болған карантин кезінде тарифті көтеру – халыққа жасалған қастандық! Жергілікті билік монополистердің әрекетін майшаммен қарап, бағаның өсірілуін тоқтатуды талап етеміз!
Оралда қырқүйек айынан бастап электр энергиясының тарифі өсті. 100 киловаты бірден 62 теңгеге қымбаттаған. Ізінше, жылу беретінер бағаны өсіретінін мәлімдеп отыр. Олар берген өтінімде тарифті 15 пайызға арттыру көзделген. Бұған қарсы болған белсенділер наразылық шарасына шығуға жергілікті биліктен рұқсат сұраған. Бұлар тіпті карантин талабын бұзбай, ерекше етіп өткізуді ұсынған. Бірақ сонда да ұйымдастыруға рұқсат берілмеді. Сондықтан осылай жалғыз адам пикетке шыққан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!