{metadescription}
Авиация: Шетелдіктердің қитұрқы әрекетіне заңды тосқауыл қойылады
Авиация: Шетелдіктердің қитұрқы әрекетіне заңды тосқауыл қойылады

Авиация: Шетелдіктердің қитұрқы әрекетіне заңды тосқауыл қойылады

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жүк тасымалдаушы әуе кемелерін біздің елде тіркеу тәртібін қатаңдатады. Құзырлы мекеме Қазақстанның атына нұқсан келтіретін шетелдік компаниялардың қитұрқы әрекетіне жыл соңына дейін заң жүзінде тосқауыл қоймақ.

Өйткені Ливияға қару жеткізгені үшін Еуроодақ санкциясына іліккен отандық Sigma Airlines компаниясының қожайындары өзге елдің азаматтары екен. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің эмбаргосын бұзған қазақстандық тағы екі компанияның аты аталды. Ол: Azee Air және Jenis Air серіктестіктері. Үшеуінің де меншік иесі Араб әмірліктері мен Виргин аралдарында тіркелген. Жер астында жасырынып жатқандар біздің елде тіркелген ұшақтарымен Таяу Шығысқа қару-жарақ пен әскери техника тасымалдаған. Бір ғана Sigma Airlines әуе компаниясы екі-үш жылда Ливияға 286 мәрте ұшып барыпты. Алайда азамат соғысынан көз ашпаған елге не мақсатпен ұшқанын түсіндіре алмаған. Сондықтан Қазақстанның авиациялық әкімшілігі аты аталған үш әуе компаниясының да ұшу сертификатын тоқтатты.  

Қазақстан авиация әкімшілігі мамыр айында үш компанияның да ұшу сертификатын тоқтатты. Санкцияға байланысты Sigma Airlines компаниясының Еуропа елдеріне ұшуына тыйым салынды. Ал Azee Air және Jenis Air әуе компаниялары әлі де Ливияға ұшып жүр. Өйткені олар қазір Қазақстаннан кетіп, Қырғызстанға тіркеліп алған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде