{metadescription}
0:000:00
Өлім жазасы: Азаматтық және саяси құқықтар хаттамасына қол қойылды

Өлім жазасы: Азаматтық және саяси құқықтар хаттамасына қол қойылды

Қазақстан өлім жазасын алып тастау бағытында тағы бір қадам жасады. Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы хаттамаға қол қойды.

Елімізде мұндай шешім қабылданғаны туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның Бас сссамблеясының 75-ші мерейтойлық сессиясында айтқан еді. Мұндай халықаралық құжатқа қол қойған елдер өлім жазасын қолданбауды мойнына алады. Тек соғыс уақытында әскери сипаттағы ауыр қылмыс пен террористік қылмыс жасағандарға қатысты өлім жазасы қолданылуы мүмкін. Бірақ ресми құжат қолданысқа енуі үшін Парламент заңдарымызға бірқатар өзгеріс енгізуі керек. Оның қаншаға созылары белгісіз.

Айта кетейік, елімізде өлім жазасын қолдануға президент жарлығымен 2003 жылдан бері мораторий жарияланған.

Айбек Смадияр, ҚР СІМ ресми өкілі:

- Хаттамаға қол қоюға біз 17 жыл бойы келдік. Өйткені 2003 жылы бізде өлім жазасына мораторий енгізілген. Сондықтан қол қойылу деген бір күннен бастап енгізілмейтін құбылыс. Бұған дайындық керек. Өзіміздің ұлттық заңнамамызды ретке келтіруіміз керек. Ата заңға да біраз өзгеріс енгізу керек. Оған біраз жұмыс жүргізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде