Маңғыстау облысындағы масқара
Маңғыстау облысындағы жағдай тіпті анекдоттағыдай. Онда газ құбыры жолдың тура ортасында қалып кетіпті. Бұл сурет Түпқараған ауданы Аташ ауылында түсірілген.
Автор: Диас Нұрақын
24.09.2020
Жол төсеп жатқан құрылысшылар жергілікті жұртты көлікпен зырғып келіп құбырдан қарғып өтетін кәсіби каскадер деп ойласа керек. Қақ ортадағы темір бағаналарды сол бойы қалдырған.
Ал жоспар бойынша газ құбыры жер астымен жүргізіліп, асфальт сосын төселуі керек екен. Жергілікті әкімдік «мердігер шыдамсыздық танытты» деп, бар жауапкершілікті соларға сілтей салды. Жол жөндеушілер енді асфальтты қайта қырып алып, қауіпті аймақпен жүруге тыйым салатын жол белгілерін орнатып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!