{metadescription}
Алматы: Алтын бұлақ-2 тұрғындарының тынышы кетіп, тынысы тарылған
Алматы: Алтын бұлақ-2 тұрғындарының тынышы кетіп, тынысы тарылған

Алматы: Алтын бұлақ-2 тұрғындарының тынышы кетіп, тынысы тарылған

Алматыда Алтын бұлақ-2 тұрғын үй кешенінің тұрғындары пәтер иелері кооперативінің жұмысына наразы. Себебі, ай сайын қыруар қаржы жинап алатын олар не жөндеу, не тазалау жүргізбейді деп отыр. Күзетшілері аулаға бөгде адамдарды кіргізіп, олар әбден мазамызды қашырды деп ашулы. Осылайша «тынышымыз кетіп, тынысымыз тарылды» деген халық кешенге жауаптылардың ауысуын талап етеді. Толығырақ тілшіміз Салтанат Шырынхан тарқатсын. 

Қаланың қақ ортасында орналасқан көпқабатты үйде 1600 пәтер бар. Ал тұрғындар ай сайын пәтер иелері кооперативіне 10 мың теңгеге жуық төлейді. Осылайша ашынған халық мұнша қаржының қайда кетіп жатқанын түсінбей дал. Өйткені тұрғын үй кешеніне жасалатын жөндеуді былай қойып, тіпті апта сайынғы тазалау жүргізілмейді екен. Жиналған жұрттың айтуынша, бұл мәселе жылда қайталанатын жырға айналған. Тіпті су тиген үйлерінің іші көгеріп, қабырғалары да сөгіліпті.

Дина Ысқақова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Жиі су басады. Төбеден жаңбыр жауғанда су ағады. Құбыр, кәріз мүлдем тазартылмайды. Көгерген, ылғал төбені саңырауқұлақ басты. Екі паркинг бар, кірсеңіз, дем ала алмайсыз. Иісі қолқаны жарады.  

Жұртшылық сөзіне өздері түсіріп алған видеолар дәлел. «Жаңбыр жауса, тағы қайталана ма» деп қауіптеніп, жанын шүберекке түйіп отыр. Тұрғын үй кешенінің күзетшілеріне де көңілі толмайды.

Дана Шестокова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Бізде жөні түзу күзетші жоқ. Не істеп отыратынын түсінбейсің. Үнемі айқай-шу, төбелес болып, полиция шақырамыз да жүреміз. Тіпті балаларымызды алаңқайға жіберуге қорқатын болдық.

«Кім көрінгенді өткізе береді» делінген күзетшілер тілшілердің ішке кіруіне рұқсат бермеді. Тіпті пәтер иелері кооперативінің өзі ат-тонын ала қашып, есікті іштен тарс жауып алды. Ал, қалалық тұрғын үй саясаты басқармасындағылар былтыр заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес әрекет ету керек екенін айтады.

Жандос Қайырханов, Алматы қалалық тұрғын үй саясаты басқармасының бөлім басшысы:

- Бұл үйдің тұрғындарына, пәтер иелеріне айтатынымыз, тездетіп, әрбір үйге үй кеңесін құру керек. Үш адамнан кем емес. Одан кейін басқару формасы дейміз, меншік иелерінің бірлестігін құру керек. Ары қарай өздері бөлек-бөлек шығып,  тұрғын үйдің басқаруын және күтімін қолына алу керек. Ол жағынан біз әрқашан дайынбыз. Шақырған уақытта барып, жиналысқа қатысып, түсіндіріп бере аламыз.

Осылайша арызын арқалаған жұрт сотқа емес, тұрғын үй саясаты басқармасына барса жеткілікті. «Басқару органын ауыстыру үшін алдымен тексеріс жүргізіп, анық-қанығын анықтаймыз», - дейді шенеуніктер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.