Алматыда есірткі өндіретін зертхана әшкереленді
Алматыда есірткі өндіретін зертхана әшкереленді. Қолға түскен 44 жастағы азамат бұл кәсіпті жекеменшік жер үйде дөңгелеткен. Иісшіл иттің көмегімен күдіктінің баспанасын тінткен тәртіп сақшылары синтетикалық есірткі өндіруге арналған түрлі химиялық зат тәркіледі.
Автор: Мақсат Мәлік
24.09.2020
Полициядағылардың айтуынша, синтетикалық есірткі өндіретін зертхана тұрақты жұмыс істеп келген. Құрықталған күдікті оны өндіріп қана қоймай, өзгелерге көтерме бағамен сатып отырған. Тіпті есірткі саудасының аясын кеңейтуді көздеген ол қала ішінен тағы бес зертхана ашуды ойластырыпты. Оған қажетті құрал-жабдықтың барлығын үйіне жасырып қойған. Сот-химиялық сараптама арқылы тәркіленген айғақ заттардың синтетикалық есірткі әзірлеуге арналғаны дәлелденген. Ал қамауға алынған азаматтың сыбайластары іздестіріліп жатыр.
Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:
- Қылмыстық кодекстің 297-бабымен 12 жылдан аса бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл кісінің жақын аумағы міндетті түрде тексеріледі. Өйткені ол жалғыз еместігіне көзіміз жетті. Оған мұндай құрал-жабдықтарды біреу алып келген. Қандай да бір жолмен қажет химиялық заттарды да алған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!