Ауылда жоқ қоқыс жәшігін айдалаға қаздай тізген – Түркістан облысы
Жолға бөлінген қаржыны игерудің жаңа жолы! Түркістан облысында айдалаға қойылған қоқыс жәшіктері тұрғындардың мазағына айналды. Түлкібас ауданындағы Қызылбастау ауылынан шығаберіс жолдың бойын шенеуніктер гүлмен немесе ағашпен емес, жәшікпен көмкерген екен.
Автор: Бек Әбиев
24.09.2020
- Төртеу, бесеу.
- Айдала ғой, ел жоқ жерде, иә?
- Адам жүрмейтін жерде... адам бар жерде таппай жатыр мұндайды, иә?
- Алтау, жетеу.
- Ауылдың ішіне қою керек қой, дұрыс па?
Тұрғындардың айтуынша, мұнша жәшік ауылдың ішінде де жоқ. Ал айдаладағы жолда әр 20-30 метр сайын қаздай тізіліп тұр. Жергілікті шенеуніктер мұны өзінше түсіндіруге тырысты. Айтуларынша, келешекте қоқыс жәшіктерінің маңынан жаңа үйлер салынады. Сол жаңа ауданның инфрақұрылымын қоқыс жәшігінен бастауды шешіпті. Сөйтіп әрқайсына 10 мыңнан бөліп, жаяу адам жүрмейтін дерге 40 шақтысын орнатқан екен. Аудандық атқамінерлер бұл жобаға «бұрынғы басшылық ұялсын» деп отыр.
- Жобаның жұмысын сол кездегі басшылық атқарған. 2019 жылы күрделі жұмыстар жүргізілген. Сол уақытта орнатылған жәшіктер. Енді бізге берілді. Жобаны ауыстыра алмаймыз, оны сатып алынған уақытында осылай қаралған ғой.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!