{metadescription}
Төрт жасар Батырханға шұғыл көмек қажет
Төрт жасар Батырханға шұғыл көмек қажет

Төрт жасар Батырханға шұғыл көмек қажет

Оралдық бүлдіршінге шұғыл көмек керек! Миынан ісік анықталған 4 жасар Батырхан Исламғалиевтің басына тез ота жасамаса болмайды. Бірер ай бұрын сап-сау жүрген баланың қатерлі дертке шалдыққанын ата-анасы қыркүйекте білген. Күн санап семіп бара жатқан балаға енді шұғыл ота жасатуға 8 миллион теңге керек.

Әлия Кенжина, Батырханның анасы:

- Батырхан түні бойы көз ілмейді. Балада да, бізде де ұйқы жоқ. Баламнан айырылып қаламын ба деп қатты қорқамын. Мейірімді жандар көмек көрсетсе екен, балапаныма дереу ота жасаса деп армандаймын. Құдай қаласа бәрін жеңіп, бар ауырлық артта қалар деп қатты үміттенеммін. Көмектесіңіздерші!

Қыркүйекке дейін балабақшада ойнап-күліп ойнап жүрген Батырханның басына енді үнемі су жинатын болған. Оны алып отыру үшін баланың басына арнайы помпа қойылған. Қазір төрт жасар бүлдіршін аяғын нық баса алмайды. «Көзі де қитарланып барады», - дейді анасы. Мидың екі жағынан да шыққан ісіктен аяқ-қолы дірілдеп, қасық ұстаудан қалыпты. Дәрігерлер барынша шұғыл ота жасау қажеттігін айтады. Ал мұндай отаны тек шетелде жасайды. Үш баласы бар отбасында тек отағасы ғана қарапайым жүргізуші болып жұмыс істейді. Сондықтан басына қиындық түскен отбасына қаржылай көмек аса қажет.  

Сбербанктің картасы: 4578 3200 1463 6787

Kaspi Gold: 4400 4301 6057 5913       

Qiwi-кошелек: 8 775 412 10 26

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде