{metadescription}
Қала аралаған Қарағанды әкімінің қабағынан қар жауды 
Қала аралаған Қарағанды әкімінің қабағынан қар жауды 

Қала аралаған Қарағанды әкімінің қабағынан қар жауды 

Қарағандының жаңа әкімі Ербағанбет Бөлекбаев қаланың бұрынғы басшысы Нұрлан Әубәкіровтің кезінде қалған қоқысты аралады. Кейінгі кезде қоқыс полигонына айналардай күйге түскен қаланың жайы жаңа әкімді қатты таңдандырды.

- Тез, қысқа уақыт ішінде ретке келтіру керек, масқара мынау.

«Әкім аралайды» дегенді естісе керек, қоқыс жәшіктері апыл-ғұпыл тазартылыпты, бірақ айналасын жинап үлгермеген. Жәшікке симай жерге шашылған қоқыс аулалар мен жолдарды басып жатыр. Қабағы қалтқылданған Бөлекбаев қоқыс жәшіктерінің қоршауына да көңілі толмады. Олай дейтініміз, жаңа әкімге бұл таңсық дүние емес. Бұған дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болған ол осы көшелермен күнде жүреді. Ол аздай, бұрынғы қызметінде Бөлекбаев коммуналдық мәселелерге, яғни қаланың тазалығына да жауапты болған. Аспаннан түскендей кейіп танытқан жаңа әкімнің алғашқы күні осылай өтті.

Ермағанбет Бөлекбаев, Қарағанды қаласының әкімі:

- Сұрақтар бар, әрине, көп қоқыстар тазаланбай жатыр. Жиналып жатыр. Шығармай жатыр. Ол шығарылмағаннан кейін шашылып жатыр. Сол үшін қаланы қалпына келтіру керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде