Қыздар төбелесі: Мектеп директорлары жұмыстан қуылмайтын болды
Ақтөбе облысындағы хиджап киген қыздар төбелесіне байланысты үш ауылдың мектеп директорлары жұмыстан қуылмайтын болды. Керісінше, олардың қызметінен өз еркімен кетуге арыз жаздыруға итермелеген Темір аудандық білім бөлімінің басшысы қатаң сөгіс алды.
Автор: Жаңалық Ахаш
25.09.2020
Осыдан алты күн бұрын Кеңқияқ, Сарыкөл, Шұбарши ауылдарының орамал таққан он қызы көшеде шаш жұлысқан болатын. Араларындағы ең кіші 8-сынып оқушысын тепкінің астына алған. Қазір аталмыш оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр. Ал қыздардың төбелесінен соң тексеруге кіріскен аудандық комиссияның жұмысына аймақтағы білім басқармасындағылардың көңілі толмаған. Сондықтан олар облыстан өз өкілдерін жіберді. Онымен қоса әлеуметтік желі қолданушылары мектеп директорларының жұмыстан шығарылуына қарсы болған еді. Өйткені демалыс күні болған төбелеске «педагогтардың қатысы жоқ, керісінше, қыздарының сорақы қылығына ата-анасы қатаң жазаға тартылсын» деген пікір айтылды.
Нұргүл Бертілеуова, Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:
- Үш директорды да орнынан босату негізсіз болғандықтан, қайта тағайындалды. Негіз болу үшін зерделеу жұмысы жүргізіледі, білім басқармасының тарапынан. Сол кезде үш директор лауазымдағы міндетін дұрыс орындамағаны анықталған жағдайда ғана шара қолданылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!