{metadescription}
«Авто сити» саудагерлері көрген қорлықтарын айтты – Алматы
«Авто сити» саудагерлері көрген қорлықтарын айтты – Алматы

«Авто сити» саудагерлері көрген қорлықтарын айтты – Алматы

Қалта түбін қағып бітті! Алматыдағы көлік бөлшегін сататын орталықтың саудагерлері әбден қаналып біткенін айтып шағымданды. Ай сайынғы жалға төлейтін ақшадан бөлек, әкімшілік қосымша қызметтерге де ақша төлеуге мәжбүрлейді дейді олар.

Ал «кетем» дейтіндердің о баста құйған миллиондаған ақшасын қайтармай қинайтын көрінеді. Шу шыққан сауда нысанына полицейлер мен әкімдік өкілдері де жетті.

Сіз маған қол көтердіңіз. Бәрінің көзінше.

- Қашан?

- Бәрі куә, желкемнен былай ұстап далаға шығарып жіберді. Балам да бар қасымда. Содан бері ауырамын.  

Етегі жасқа толған Райхан Қалдахметтің «Авто сити» қожайынан көрген қорлығы есіне түссе, жанарынан жас тамшылайды. Жеті 7 бутикті 40 мың долларға алған. Кәсібін дөңгелетем бе дегенде, Бауыржан Берімқұлов желкелеп қуып жіберді дейді. Бірақ қожайынының оны мойындағысы жоқ.

- Бұл жала!

- Біз тепкенін өз көзімізбен көрдік.

- Сараптама жасаңыздар.

Райхан секілді бірталай саудагер қанаудан қажыған. Ай сайын жалға төлейтін ақшадан бөлек, қосымша 10-15 мың теңгені амалсыз сауда орталығының басқа қажетіне береді екен. Тіпті аумаққа көлігімен кіруге күн сайын 200 теңге төлейді.

Гүлнәз Сүлейменова, саудагер:

Бізге тегін емес. Егер «Газельмен» келсек, 600 теңгеден алады. Бұл жерде жалғыз мен емес, сауда орталығында қанша бутиктің адамдары отыр, бәріне қолайсыз жағдай.

«Авто сити» әкімшілігі заңды пысқырмай, жолды темір шарбақпен қоршаған. Олардың бассыздығын жергілікті әкімдік оқиға орнына келгенде ғана байқады. «Осы уақытқа дейін қалай байқамаған?» деген ойға қаласың. 

Ринат Кенеев, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары:

Мына қоршауларды қазір анықтап білдік. Негізі «Авто сити» мекемесі заңсыз қоршап алған. Мына қоршауды бүгін демонтаж жасап, алдыртып тастаймыз.

Қоршаудың ақыры алынарына осындағы тұрғындар да ерекше қуанып жатыр.

Бағдат Бекболатова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Ортақ жер болғандықтан, біз бәріміз еркін өтуіміз керек. Қоршаудың бәрін түгелімен алып тастау керек. Содан кейін халық пайдалану керек.

Айтылған сын мен тағылған айыпты сауда орталығының басшылығы мойындамады. Тартысқан екі тарап бір мәмілеге келе алмады. Әркім өз шындығында қалды. Шырылдаған саудагерлер енді Жемқорлыққа қарсы-іс қимыл агенттігінен араша сұрамақ. Ал сауда орталығының басшылығы өз кезегінде полиция шақырып, олардың атына арыз жазды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде