Карантиннің кәсіпкерлерге соққысы қандай?
Қазақстандағы кәсіпкерлердің 10 пайызына банкрот болу қаупі төніп тұр. Карантиннің соққысы осындай.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
25.09.2020
«Шықпа, жаным, шықпа» деп отырған шағын және орта бизнес өкілдері вирустың кезекті толқынынан қауіптенеді. Себебі, тағы қатаң шектеулер енгізіле қалса, қарманып баққан қалған бизнес те құрдымға кетуі ықтимал.
Әсіресе елдегі кинотеатр желілерінің жағдайы мүшкіл. Былтыр баянды күндердегі кіріс көлемінің жартысы да жоқ, табыс 50-60 пайызға кеміген.
Ұлттық кәсіпкерлік палатасы сауалнама жүргізген екен. Сұралғандардың 10 пайызы банкрот екенін жариялауға сәл-ақ қалыпты. Ал 30 пайызы «қызметкерлерімізді қысқартамыз» деп отыр. Кәсіпкерлер палатасы төрағасының айтуынша, тақырға отырған кәсіпкерлердің нақты көлемі қараша айының басында анықталмақ. Карантиннің біршама жұмсаруы кәсіпкерлерліктің оңалуына айтарлықтай әсер етпеген.
Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы:
- Рұқсат берілген күннің өзінде санитарлық нормаларда көрсетілген. Қазір далада қызмет көрсету мүмкін емес, суық түсті, яғни мейрамхананың ішінде қызмет көрсету керек. Бірақ ішінде 30 бен 50 пайызға дейін шектеу бар. Сонда кәсіпкер өз есебіне қарап ойлайды, егер 30 пайызбен болса, барлық шығынын өте алмайды. Сондықтан 15-20 пайыз асханалар рұқсат берген күннің өзінде тоқтап тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!