{metadescription}
«Барыс» хоккейшілерінің арасында КВИ жұқтырғандар артты
«Барыс» хоккейшілерінің арасында КВИ жұқтырғандар артты

«Барыс» хоккейшілерінің арасында КВИ жұқтырғандар артты

Елордалық «Барыс» хоккей клубының ойыншыларының арасында коронавирус жұқтырғандар саны көбейе түсті. Клуб хоккейшілері мен қызметкерлерін екінші қайтара тексергенде тағы 8 адамның ковид-19 вирусын жұқтырғаны белгілі болып отыр.

Әуелде 40 адам тексеріліп, олардың арасынан 11-інің қауіпті вирусқа тап болғаны анықталған. Сөйтіп, олармен байланыста болған 29 адамға «Барыс Аренаға» келуге шектеу қойылды. Ал спорт ғимаратының өзінде дезинфекция жасалған. Бірақ бірер күндікте 29 адамның ішінен тағы сегізінің қауіпті кесел жұқтырғаны нақтыланып отыр. Осылайша хоккей клубының ойыншылары мен қызметкерлерінің арасында коронавирус жұқтырғандар саны 19-ға жетті.

Бағдат Қожахметов, ҚР ДСМ ресми өкілі: 

- Ауру жұқтырған 19 адамның барлығында Ковид-19 белгілері білінбейді. Олар қазір амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Бұл індеттің алдында  қарапайым адам ғана емес, кәсіби спортшылар да дәрменсіз болып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде