Тоқаев КВИ-тың екінші толқынына дайындықты тексерді – Алматы
Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың екінші толқынына дайындықты күшейтуді тапсырды. Алматыға жұмыс сапарымен келген президент жедел жәрдем көліктерінен бастап, инфекциялық аурухананың ішіне дейін өзі тексеріп шықты.
Автор: Аруна Ортай
25.09.2020
- Сақтануымыз керек! «Сақтықта қорлық жоқ» дейді қазақ. Сондықтан бәріміз дайын болуымыз керек!
- Иә, біз дайындалып жатырмыз.
Тоқаев жедел жәрдем көліктерінің санына дейін сұрады. Шенеуніктер президентті індет ушыға қалса, халық жәрдемсіз қалмайды деп сендірді. Тәулік бойы жұмыс істеп тұрған жедел жәрдем көліктеріне тағы су жаңа 35 көлік сатып алынған екен.
Қасым-Жомарт Тоқаев жақында ғана салынған инфекциялық аурухананың ішін де қарап шықты. Палаталарға жеке-жеке кірген мемлекет басшысы медициналық құрылғыларды қостырып тексерді. Президенттің Алматыға келгендегі ең басты мақсаты да осы жаңа аурухананы көру болатын. Ақ халаттыларға өткеннен сабақ алуды ескерткен Тоқаев індеттің енді екінші толқынынан елді аман-есен алып шығуды тапсырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!