{metadescription}
Тұмаудан қырылған құстардың құны өтеледі – СҚО
Тұмаудан қырылған құстардың құны өтеледі – СҚО

Тұмаудан қырылған құстардың құны өтеледі – СҚО

Солтүстік Қазақстан облысында тұмаудан қырылған құстардың құны өтелетін болды. Ол үшін билік тұрғындардан құжат реттеп, қазірден бастап есепшот ашуды сұрап отыр.

Ауру шыққан ауладағы тірі қалған үйрек, қаз, тауық – барлығының көзі жойылады. Аман қалған құстарын алып қалғысы келіп, қарсы шыққандар айыппұл төлейді – 120 мың теңгеге дейін. Ал тұмаудан келген шығынға қатысты бір тауықтың немесе үйрек-қаздың қаншаға бағаланатынын мамандар нақты айтпады. Оны аймақтағы статистикалық департаменттің осы айға берген есебіне байланысты қарастырады.

Індеттен өлген құс пен тірі құстың да құны бірдей болады. Осы күнге дейін вирустан СҚО-да 160 мыңдай құс қырылған. 18 ауыл карантинге жабылып, тағы 13 ауылды солардың қатарына қоспақшы. Індет тарамаған елдімекендердегі құстарға жаппай вакцина егіп жатыр.

Марат Ибраев, СҚО Ветеринариялық бақылау инспекциясының басшысы:

Қырылған және алынған барлық құстың бағасы өтеледі. Құстары қырылған адамдар есепшот ашуы керек. Ол комиссияға қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде